| № | Атауы | Жүктеу |
| 1 | e-Licence порталы арқылы біліктілікті арттыру туралы куәлікті жүктеп алу алгоритмі | Жүктеу |
| 2 | e-Licence порталы арқылы біліктілікті арттыру туралы куәлікті алу үшін өтінім беру алгоритмі | Жүктеу |
| 3 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 414 бұйрығы «Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» | Жүктеу |
| 4 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 305 бұйрығы «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандану номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» | Жүктеу |
| 5 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығы «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандану түрлерінің тізбесі туралы» | Жүктеу |
| 6 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы «Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша және бейресми білім алу қағидаларын, денсаулық сақтау саласында қосымша және бейресми білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» | Жүктеу |
| 7 | Кесте 2025 г. | Жүктеу |
| 8 | 2025 жылға арналған орта буынды медицина және фармацевтика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының тізбесі | Жүктеу |
Талдықорған жоғары медициналық колледжінің симуляциялық орталығы
Колледждің симуляциялық орталығы заманауи тренажерлармен, манекендермен, симуляторлармен және қосымша қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл құралдар болашақ медицина қызметкерлерінің түрлі жағдайда қалай әрекет ету қажеттігін тәжірибе тұрғысынан үйренуге септігін тигізеді. Симуляциялық орталықта колледж білімгерлері тәжірибелік машықтарын жетілдірсе, аймақтағы медицина мамандары кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.
Симуляциялық орталық «РОСОМЕД» Жалпы Ресейлік қоғамдық бірлестігінің аттестациясынан өтіп (06.06.2018-06.06.2021), симуляциялық орталық білім беру мен әдістемелік және ғылыми жұмыстармен айналысу стандарттарына сәйкестігін дәлелдеген.
Бүгінгі заманда денсаулық сақтау саласында үлкен өзгерістер болуда, әсіресе мейірбике ісінде реформалар болуда, жаңа білім беру стандарттары енгізілуде. Сондықтан медицина колледжінің оқытушыларының мақсаты жаңа заман талабына сай, еңбек нарығында сұранысқа ие, әрдайым өз біліктілігін жетілдіріп тұруға дайын, жоғары білімді де білікті орта буынды медицина мамандарын дайындау және біліктілігін жетілдіремін деген медицина саласының мамандарына қолдау көрсету болып отыр.
Симуляциялық орталықтың клиникалық станциялары:
«Тері және жұмсақ тіндердің бүтіндігі бұзылғанда көрсетілетін жедел жәрдем»;
«Жоғарғы тыныс жолдарында бөгде зат түскенде көрсетілетін жедел жәрдем (коникотомия)»;
«Жедел коронарлы синдром мен гипертониялық криз кезінде көрсетілетін жедел жәрдем»;
«Кенеттен жүрек тоқтағанда көрсетілетін жедел жәрдем: жүрек-өкпе реанимациясы»;
«Акушерлік тәжірибеде жедел жәрдем тудыратын жағдайлар»;
«Жарақат, шок кезінде көрсетілетін жедел жәрдем»;
«Коммуникативті дағдыларды бағалау»;
«Мейірбикелік манипуляциялар».
Симуляциялық орталықта мейірбикелік манипуляциялардың, терапияның, педиатрияның, хирургияның, акушерлік және гинекологияның оқу кабинеттері ұйымдастырылған. Сонымен қатар орталықта «Триаж жүйесі» бойынша және «БАБЖ» бағдарламасымен «Оральды регидратация», «Дені сау бала», «Қосымша тамақ үйрету» атты оқу кабинеттері толығымен жабдықталған.
2021-2020 оқу жылдарында симуляциялық орталықтарда тәжірбиелік машықтарын жетілдіретін медицина қызметкерлерін біліктілікті арттыру курстарын өтуге шақырамыз. Симуляциялық оқудан өткен тыңдаушыларға берілген білім мен біліктің тиімділігін анализдеу және мониторинг жүргізіп тұрады. Сонымен қатар, Талдықорған қаласындағы, және өңірдегі медициналық білімі жоқ тұлғалар арасында (қоғамдық көлік жүргізушілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, балалар мен жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін мамандар мен тәрбиешілер т.б ) — парамедиктерді дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша симуляциялық орталықта даярлау тренингтерін өткіземіз.
Оқу курсы аяқталғанан кейін тыңдаушыларға біліктілігін жетілдіргені туралы сертификат беріледі.
Сіздерге ыңғайлы мерзімге, сіз қалаған трениг түрін өткізіп, ыңғайлы төлем түрін қарастырамыз. Өз әріптестерімізді силап, бірлесе жұмыс жасауға дайынбыз.
Колледж мекен-жайы: Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров көшесі 228.
Байланыс телефоны: 8(7282) 22-02-81 , 8(7282) 22-43-34
Электронды мекен-жайы: taldykorgan_medkolledg@mail.ru
