Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі
 2023 жылғы 13 шілдедегі  № 205 бұйрығы

Білім алушыларға академиялық демалыс:

1) амбулаториялық-емханалық ұйымның Орталық дәрігерлік консультациялық комиссиясының қорытындылары;

2) туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссиясының шешімі;

3) Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес әскери қызметке шақырылған жағдайда әскери қызметке шақырту қағазы;

4) үш жасқа толғанға дейінгі ұл немесе қыз баланың туу туралы құжаттары (куәлік),  асырап алынған туралы анықтама негізінде беріледі.